Павлодарда өрттен төрт бала және екі әйел зардап шекті

ПОДЕЛИТЬСЯ

Павлодарда өрттен төрт бала және екі әйел зардап шекті © Okis

Павлодарда өрт кезінде төрт бала және екі әйел зардап шекті, - деп хабарлайды Tenginews.kz тілшісі облыстық ТЖД баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

ПОДЕЛИТЬСЯ

Павлодарда өрт кезінде төрт бала және екі әйел зардап шекті, - деп хабарлайды Tenginews.kz тілшісі облыстық ТЖД баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Жедел ақпаратқа сәйкес, өрт бес қабатты тұрғын үйдің бірінші қабатында болған. Өрт баспалдақ астында тұрған қоқыстан шығып, кейін "Театр моды Райсы" қоймасын шарпыған. Ол жерде еден мен киім өртенген. "Жоғары қабаттан 10 адам қауіпсіз жерге көшірілді, оның ішінде үш бала бар. Тағы да бес адам құтқарылды", - деп хабарлайды баспасөз қызметінің өкілдері. 

Өрт салдарынан бір жасар қыз бен екі жастағы ұл бала зардап шеккен. Олар түтінге уланған. Беті мен қолын күйік шалған 12 жастағы қыз және бес жастағы ұл ауруханаға жеткізілді.

Сонымен қоса, 32 жастағы әйел адамның беті мен білегі күйіп, түтінге уланған. Оның жағдайы ауыр болып отыр. Түтінге 76 жастағы әжей де уланып қалған. Оның жағдайы қалыпты. 

Өрт аумағы - тоғыз шаршы метр. Өрттің себебі мен келген шығын көлемі анықталып жатыр. 

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети