Павлодарда өрттің салдарынан бірнеше көлік жол апатына түсті

ПОДЕЛИТЬСЯ

Павлодарда өрттің салдарынан бірнеше көлік жол апатына түсті © pavlodarnews.kz

Павлодар маңында өрттің салдарынан бірнеше көлік жол апатына түсті, деп хабарлайды pavlodarnews.kz.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Павлодар маңында өрттің салдарынан бірнеше көлік жол апатына түсті, деп хабарлайды pavlodarnews.kz.

Порталдың мәліметінше, Павлодарға іргелес орналасқан Ленин кентінің тас жолының бойында құрғақ шөп өртенген. Бұл туралы Instagram әлеуметтік желісіндегі kolesa_pavlodara парақшасында желі қолданушылары пікір жазды.

Облыстық ТЖД баспасөз қызметінің хабарлауынша, тұрғындардың отты дұрыс қолданбауы оқыс жағдайға себепші болды.

"Үш аумақта кеуіп тұрған шөп пен қамыс жанған. Бірінші және екінші учаскенің әрқайсысында тоғыз гектардан, үшінші учаскеде төрт гектар жер тілсіз жауға оранды. Зардап шеккендер жоқ. Шығын келтірілмеді", - деді баспасөз қызметіндегілер.

Айта кетейік, өрт сағат 17.04-те ауыздықталып, 18.35-те толығымен сөндірілген. Оқиға болған жерде үш техника мен 12 адам жұмыс істеді. 

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети