04 наурыз 2014 | 21:05

Павлодарда сәбиі өлген әйел перзентханадан ақы талап етеді

ПОДЕЛИТЬСЯ

©Liter.kz ©Liter.kz

Павлодарда сәбиі перзентханада шетінеп кеткен келіншек өтемақы талап етіп отыр деп хабарлайды Tengrinews.kz. Динара Әділбекова Павлодар облыстық №1 перинаталдық орталықтан жеті миллион теңге көлемінде моральдық және материалдық шығын талап етіп отыр. Келіншектің айтуынша, өткен жылдың қараша айында осы перзентханада Әлімхан деген есім беріп үлгерген сәбиі қайтыс болған. "Бала салмағы, бойы қалыпты, сау болып туылды. Онда ешқандай патология болған жоқ. Келесі күні оның жағдайы кенет нашарлады. Бірақ оны жансақтау бөліміне бірнеше сағаттан соң ғана ауыстырды, яғни дәрігерлердің оны құтқаруға мүмкіндігі болып еді, алайда олар шалағайлық танытып, олай істемеді", - дейді Динара. Сәбидің неден қайтыс болғанын анасы әлі күнге дейін білмейді. Сот-медицина сараптамасының нәтижесі әзірше дайын емес, алдын ала мәлімет бойынша, оның өліміне гипоксия (ағзада оттегінің жетіспеуі) себеп болған. Бұл деректі тексерген ҚР Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық қызметті бақылау комитетінің Павлодар облысы бойынша департаментінің мамандары перинаталдық орталық дәрігерлерінің қателігін растады. "Тексеріс дәрігерлердің кінәсін толық дәлелдеп берді. Олар менің сәбиімді өлтірді және ол үшін жауап беруі тиіс деп есептеймін", - дейді Әділбекова. Келіншек азаматтық қуыныммен бірге ұлының өліміне кінәлілерге қатысты қылмыстық өндірістің қозғалуына қол жеткізуге тырысып отыр. Айта кетейік, нәрестені бақылаған екі педиатр бұл оқиғадан кейін жұмыстан шығып кеткен.

Иконка комментария блок соц сети

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 494.98   521.17   4.92 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети