Павлодарда сауда үйінің шатыры құлап, 13 көлікті зақымдады

Дина Шарипханова
Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Павлодарда сауда үйінің шатыры құлап, 13 көлікті зақымдады

Павлодарда құлаған сауда үйінің шатыры 13 көлікті зақымдады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Павлодарда құлаған сауда үйінің шатыры 13 көлікті зақымдады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Әкімдіктің ресми мәліметі бойынша, қиранды аумағы 300 шаршы метр болады. Ал өңірлік ТЖД төтенше жағдай ошағына жақын жерде тұрған 13 автокөлік зақымданғанын хабарлады. Олардың кейбіреулері шатыр құрылымы астында қалып қойған.

"Құтқарушылар үйінді астындағы барлық көлікті тексеріп, арнайы гидравликалық құтқару құралдарының көмегімен 1975 жылы туған ер адамды шығарып алды", - деп хабарлады ведомство.

Суреттер: Павлодар облысының ТЖД

Бұған дейін жәбірленушіге травматикалық шок және екі аяғының сынуы диагнозы қойылғаны хабарланған болатын. 1971 жылы туған тағы бір жәбірленуші құтқарушылар жеткенше жедел жәрдеммен ауруханаға жатқызылған. Ер адамның миы шайқалған, жабық бассүйек-ми жарақаты алған.

Еске салайық, Павлодардағы сауда үйінің шатыры опырылғаны туралы хабарлама 7 шілдеде түстен кейін түскен болатын. Оқиға орнында Павлодар облысы Төтенше жағдайлар департаменті жедел-құтқару жасағының сегіз құтқарушысы мен екі техникасы, Апаттар медицинасы орталығының қызметкерлері, сондай-ақ екі жедел жәрдем бригадасы мен полиция қызметкерлері барғаны айтылды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети