Павлодарда скутердің қатысуымен сұмдық жол апаты болды (+18)

ПОДЕЛИТЬСЯ

Павлодарда скутердің қатысуымен сұмдық жол апаты болды (+18) ©"Обозрение недели" интернет басылымы

Павлодардағы Яков Геринг және Целинный көшелерінің қиылысында 5 мамырда скутердің қатысуымен сұмдық жол апаты болды, - деп хабарлайды "Обозрение недели" интернет басылымы. Скутер "Лада" автомобилімен соқтығысты, оның салдарынан скутердің 33 жастағы мотоциклшісінің денесі қаққа бөлініп кетті.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Павлодардағы Яков Геринг және Целинный көшелерінің қиылысында 5 мамырда скутердің қатысуымен сұмдық жол апаты болды, - деп хабарлайды "Обозрение недели" интернет басылымы. Скутер "Лада" автомобилімен соқтығысты, оның салдарынан скутердің 33 жастағы мотоциклшісінің денесі қаққа бөлініп кетті.

"Оның аяғы жұлынып кетті, ол таяудағы мектеп территориясына дейін ұшып кетті. Қаза тапқан адамның кім екенін және жасын жүргізу куәлігіне қарап аықталды. Оның бас сүйегі түгелдей езіліп кеткен", - деп хабарлады ресурс.

Куәгерлердің айтуынша, сол күні екі скутерші көлік көп жүретін жолда жарысқан. Екеуі де қарсы бағыттағы жолға шыққан. Бұл уақытта олардың жолында жеңіл автокөлік болды. Жүргізуші соғыспау үшін рульді бұрмақ болады, бірақ жарысып келе жатқандардың бірін іліп өтеді. Екінші мотоциклші оқиға орнынан кетіп қалды.

Павлодар облысы ІІД әкімшілік полициясының инспекторы Бибол Жұмановтың айтуынша, жол-көлік оқиғасы дерегіне сәйкес сотқа дейінгі тергеу "Адам өліміне әкеліп соққан жол қозғалыс ережесін бұзу" бабы бойынша жүргізіліп жатыр. "Бірқатар сараптама белгіленді. "Егер "Лада" жүргізушісінің кінәсі тіркелсе, ол он жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін", - деді Жұманов.

ІІД өкілдерінің айтуынша, жеңіл автокөліктің 25 жастағы жүргізушісі мас болмаған. Сонымен қатар, қаза тапқан скутершінің бұл үшінші көлігі екені белгілі болып отыр.

Басылым екінші скутершінің кейін редакцияға жол апаты түсіп қалған видеоны әкеліп бергенін жазады. Жігіттің айтуынша, жылдамдықты олар шектен тыс асырмаған және өз жолақтарымен жүріп келе жатқан. Ал жеңіл автокөліктің жүргізушісі, тізгінге ие бола алмай қалып, оларға қарсы шығып кетеді. Бұл жағдайды тергеушілер анықтап жатыр.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети