Павлодарда тоғызыншы қабаттан құлаған әйел тірі қалды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Павлодарда тоғызыншы қабаттан құлаған әйел тірі қалды Иллюстрациялық фото: kubantv.ru

Павлодарда тоғызыншы қабаттан құлаған әйел тірі қалды, - деп хабарлайды Рavlodarnews.kz.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Павлодарда тоғызыншы қабаттан құлаған әйел тірі қалды, - деп хабарлайды Рavlodarnews.kz.

Облыстық ТЖД баспасөз қызметінің мәліметінше, 11 мамырда сағат 14.37-де 112 пультіне Бектұров көшесі 109  мекенжайының тұрғынынан хабарлама түскен. 

"Тоғыз қабатты тұрғын үйде тоғызыншы қабаттағы пәтердің терезесінен үйге жапсарлас салынған "Экстрамед" медициналық орталығының төбесіне 1993 жылы туған әйел құлаған. Зардап шеккен адам ауруханаға жатқызылды", - деді департамент өкілдері. 

Оқиға орнына бес құтқарушы мен бір техника шықты.

Облыстық денсаулық сақтау басқармасының мәліметі бойынша, әйел кеуде омыртқасы сынып, бас миы шайқалған диагнозымен № 1 қалалық ауруханаға жеткізілген. Бұғанасы мен сол жақтағы 5, 6, 7-қабырғасы сынған. Әйел мас болған. Ол қарқынды терапия палатасына жатқызылды. 

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 494.65  course up  583.73  course up  6.41  course down

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети