Павлодарда трамвай өртенді, - деп хабарлайды Pavlodarnews.kz облыстық ТЖД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Павлодарда трамвай өртенді, - деп хабарлайды Pavlodarnews.kz облыстық ТЖД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Басылымның мәліметінше, трамвай Кутузов көшесінің бойындағы Баймолдин аялдамасында өртенген. "Қоғамдық көліктің отқа оранғаны туралы "Павлодар қаласының трамвай басқармасы" АҚ-ның мамандары хабарлады. Жүргізуші кабинасында басқару панелі мен қаптамасы өртенген. Зардап шеккендер жоқ. Өрт сөндіру қызметінің мамандары келгенше трамвайда болған 15 адам сыртқа шығып үлгерді", - деп жазылған баспасөз хабарламасында.
Мамандардың айтуынша, қазіргі уақытта келген шығын көлемі мен өрттің шығу себептері анықталып жатыр.
Еске сала кетейік, кеше, яғни 21 шілдеде Алматыда жолаушылар автобусы өртенген болатын. №34 маршруттағы автобус Сейфуллин көшесінің Райымбек даңғылымен қиылысында өртенді. ТЖД мәліметінше, өртенген кезде автобустың ішінде адамдар болмаған. Өрттің ауданы 10 шаршы метр болды.