Павлодар тұрғыны көпқабатты үй ауласында түнде мылтықтан оқ атқан. Оқиға орнына полицейлер мен жедел жәрдем дәрігерлері келген. Атқыш ұсталған, оқиға бойынша полицейлер тергеу жүргізіп жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Павлодар тұрғыны көпқабатты үй ауласында түнде мылтықтан оқ атқан. Оқиға орнына полицейлер мен жедел жәрдем дәрігерлері келген. Атқыш ұсталған, оқиға бойынша полицейлер тергеу жүргізіп жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Павлодар қаласы телеорталық маңында түнде болған атыс жақын маңдағы үй тұрғындарын ғана емес, көрші шағынаудандардың тұрғындарын да шошытқан. Куәгерлер түсірген видеода полиция мен жедел жәрдем көліктері жиналғаны көрінеді.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
"24 қарашада сағат 02.00-де Павлодар полициясына 00.42-де Павлов көшесіндегі 38 үй ауласында 40 жастағы ер адам 12-калибрлі Mossberg маркалы мылтықтан екі рет оқ атқаны туралы хабарлама келіп түсті. Атыс салдарынан ешкім зардап шеккен жоқ. Мылтық тәркіленді", - деді Павлодар облыстық полиция департаменті бастығының орынбасары Рашад Өтеуов.
Полиция 40 жастағы ер адамға қатысты ҚР ҚК 293-бабы, 3-бөлігі, 2-тармағы бойынша сотқа дейінгі тергеу басталғанын атап өтті.
"Оқиғаның мән-жайы мен себептері сотқа дейінгі тергеу аясында анықталады", - деді Өтеуов.
Сотқа дейінгі тергеп-тексеру "Атыс, газ қаруын, пышақтарды, кастеттерді және өзге де суық қаруды не денсаулыққа зиян келтіру үшін арнайы бейімделген басқа да заттарды қолдана отырып немесе қолдануға әрекет жасай отырып жасалған бұзақылық" бабы бойынша жүргізіледі. Осы баптың санкциясы 3 жылдан 7 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуді немесе сол мерзімге бас бостандығынан айыруды көздейді.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!