Павлодарда тұрғындарды таразыдан жеген дүкенші видеоға түсіп қалды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Павлодарда тұрғындарды таразыдан жеген дүкенші видеоға түсіп қалды Павлодарда тұрғындарды таразыдан жеген дүкенші видеоға түсіп қалды. © Видео кадры

Павлодар облысында дүкенге келушілерді алдамақ болған сатушы әйелдердің басы бәлеге қалды. Саудагерлердің таразыдан жегенін аңғарған тұрғындардың бірі оларды тезге салмақ болған. Алайда дүкеншілер клиенттің өзіне дүрсе қоя беріпті деп хабарлайды "Алаш айнасы" басылымы "КТК" арнасына сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Павлодар облысында дүкенге келушілерді алдамақ болған сатушы әйелдердің басы бәлеге қалды. Саудагерлердің таразыдан жегенін аңғарған тұрғындардың бірі оларды тезге салмақ болған. Алайда дүкеншілер клиенттің өзіне дүрсе қоя беріпті деп хабарлайды "Алаш айнасы" басылымы "КТК" арнасына сілтеме жасап.

Ескерту! Видеода бейәдеп сөздер бар.

Бұл жанжал видеоға түсіріліп, әлеуметтік желілерде де тарап кеткен. Осыдан кейін шенеуніктер Екібастұздағы дүкенді түгел тексеріп, таразылардың бірін қалдырмай ауыстыртты. Дауға Екібастұздағы дүкен сатушыларының былығы түрткі болды. Олардың таразыдан жегенін бірнеше рет аңғарған азамат мұны таспаға түсіріп алыпты. Ал сатушылар ақталмақ түгілі, клиентке елдің көзінше балағат сөздерді жаудыра жөнелген.

Клиент сатушылардың электрондық таразыдағы салмақ көрсететін бөлігін өздеріне пайда әкелетіндей етіп бояп қойғанын да түсіріп алған. Айғай-шуға толы бейнежазбаны көрген шенеуніктер дүкенді түгел тексеріп, мұндағы таразылардың бірін қалдырмай ауыстырған. Ал полицейлер балағат сөз айтқан дүкеншіні әкімшілік жауапқа тартатын болды.

“Бұзақылықтың санкциясы он айлық көрсеткіште айыппұл қаралған немесе он тәулікке дейін әкімшілік қамау қаралған. Қазіргі уақытта әкімшілік материал мамандандырылған сотқа қарауға аттандырылды”, - дейді Павлодар облыстық ІІД әкімшілік полиция басқармасының инспекторы Бибол Жұманов.

Аузына ақ ит кіріп, көк ит шыққан екі әйел жұмыстарынан қуылған. Ал олар жұмыс істеген дүкен иесіне айыппұл салыныпты. Сауда орнында таразылар түгел ауысытырылып қана қоймай, клиенттер үшін қосымша өлшеуіш құрал орнатылды.

Дереккөз: "КТК" телеарнасы

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети