Павлодарда Ұлттық ұланның сарбазы қызметтесінің тапаншасын ұрлап алды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Павлодарда Ұлттық ұланның сарбазы қызметтесінің тапаншасын ұрлап алды Макаров тапаншасы

Павлодарда қызметтесінен тапанша ұрлады деген күдікпен Ұлттық ұланның сарбазы қамауға алынды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Павлодар гарнизонының әскери прокуроры Дінбаян Мұханбетқалиевке сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Павлодарда қызметтесінен тапанша ұрлады деген күдікпен Ұлттық ұланның сарбазы қамауға алынды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Павлодар гарнизонының әскери прокуроры Дінбаян Мұханбетқалиевке сілтеме жасап.

Макаров тапаншасын ұрлады деген күдікпен Ұлттық ұланның 6679 әскери бөлімінің аға сержанты, 1982 жылғы Ержан Ибрашев ұсталды. Тергеу мәліметі бойынша, биыл қыркүйекте күдікті әскери бөлімнің қару сақталатын бөлмесінен табельді қаруды ұрлап алған.

Жоғалған қару Павлодардың 1991 жылғы тұрғынының пәтерінен табылды. Оның тапаншаны ұсталған сарбаздан 80 мың теңгеге сатып алғаны белгілі болды. Павлодарлыққа қатысты "Қаруды заңсыз қолдану және сақтау" бабына сәйкес сотқа дейінгі тергеу амалдары жүріп жатыр.

"Тергеу әскери қызметкердің қару сақталатын бөлмеге кіруге мүмкіндігі болғанын анықтады. Сарбаз осыны пайдалана отырып, еңбек демалысындағы қызметкердің тапаншасын ұрлап кеткен", - деді Дінбаян Мұханбетқалиев.

Күдіктілер кінәсін мойындады. "Павлодар №2  соты тергеушінің өтінішімен, прокурордың өтінішті қолдауынан кейін екі күдіктіні де бір ай мерзімге қамауға алу туралы шешім шығарды", - деді ол.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети