Tengri FM Радиосы Радио Жұлдыз FM Қазақстан заңдары Экономика сабақтары
KZ RU EN
Бізге жазба жолдау +7 (727) 388 8124
искать через Tengrinews.kz
искать через Google
искать через Yandex
USD / KZT - 333.08
EUR / KZT - 391.50
CNY / KZT - 50.00
RUB / KZT - 5.64

Павлодарда үш адамды қағып өлтірген джиптің иесі тұтқындалды

02 Қазан 2014, 14:53
0
©u-f.ru
©u-f.ru

Павлодарда үш жаяу адамды қағып өлтірген джиптің қожайыны тұтқындалды, бұл туралы Tengrinews.kz тілшісіне облыстық прокуратураның баспасөз хатшысы Айымгүл Ермолатова хабарлады. Жол-көлік оқиғасын Астана тұрғыны жасаған болатын.

24 жастағы көлік иесі автокөлігін алкогольден мас күйдегі адамның басқаруына беріп, үш адамның өліміне себепкер болды деп айыпталып отыр. Сот жігітті тұтқындауға екі айға санкция берді. Айта кетейік, жол-көлік оқиғасы кезінде жол талғамайтын көліктің салонында төрт адам болған, олардың бірі - көліктің иесі. Жаяуларды қағып кеткеннен кейін олар көлікті тастап, оқиға орнынан із жасырған.

Еске сала кетейік, Павлодардағы ірі жол апаты 24 қыркүйек күні болды. Toyota Land Cruiser 100 автокөлігінің 25 жастағы жүргізушісі жаяулар жолымен өтіп бара жатқан үш адамды қағып өтті. Кейін жүргізуші мен оның жолаушылары ұсталды. Полицияның мәліметінше, жүргізуші мас болған. Оның үстінен қылмыстық іс қозғалды. Сол күні жігіттер өзара көңіл көтерген.

Павлодардағы жол-көлік оқиғасынан 1967 жылы туған ерлі-зайыпты және 43 жастағы тағы бір әйел қайтыс болды. Жол-көлік оқиғасына кінәлі Жамбыл Мұхантаев - павлодарлық кәсіпкер Серік Мұхантаевтың жиені. Серік Мұхантаев Екібастұз қаласының бұрынғы әкімі Рамазан Жұматаевты өлтіруге қатысқаны үшін 13 жылға сотталған.


Нравится
Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай