02 сәуір 2014 | 00:10

Павлодарда ұйықтап жатқан адам жүк пойызының астында қалды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото obozrevatel.com сайтынан алынды Фото obozrevatel.com сайтынан алынды

Павлодарда ұйықтап жатқан ер адам жүк пойызының астында қалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Павлодар" стансасының желілік полиция бөліміне сілтеме жасап.


Иконка комментария блок соц сети

Павлодарда ұйықтап жатқан ер адам жүк пойызының астында қалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Павлодар" стансасының желілік полиция бөліміне сілтеме жасап.

Полицияға баяндалған әңгімеге қарағанда, пойыз темір жолдың бойында қаннен қаперсіз ұйықтап жатқан ер адамның үстінен жүріп өткен. "Павлодар-Екібастұз" бағытындағы жүк пойызы адамды басып кетті деген хабар түсті. Оқиға орнында әлгі адамның зардап шекпегендігі анықталды", - деп хабарлады полицияның желілік бөлімінен.

Машинистің сөздеріне жүгінсек, ол рельс бойындағы бейтаныс нәрсені көріп қалып, пойызды тоқтатпақ болған. Бірақ үлгермеген. Зақымданбаған адамды ол вагондардың бірінің астынан суырып алған.

Тірі қалған адам белгілі тұрғылықты орны жоқ, 34 жастағы павлодарлық болып шыққан. Үйі жоқ адамның осы оқиға болған мезетте есін білмейтін, масаң күйде екендігі анықталған. Ол екі рельстің арасына дем алу үшін жатып, ұйықтап кеткен. Қатты ұйықтағандығы соншалық, жүк пойызы дөңгелектерінің астында қалғанын да сезбеген.

Бұл оқиғаның кесірінен екі жүк пойызы біраз бөгелген.

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 494.98   521.17   4.92 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети