Павлодарда вандалдар бес миллион теңгенің дәретханасын қиратты

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
© Tengrinews.kz © Tengrinews.kz

Павлодарда вандалдар әкімдік өкілдері бес миллион теңгеге сатып алған қоғамдық дәретхананы қиратып кеткен, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Астана" телеарнасына сілтеме жасап.

whatsapp button telegram button facebook button
Иконка комментария блок соц сети

Павлодарда вандалдар әкімдік өкілдері бес миллион теңгеге сатып алған қоғамдық дәретхананы қиратып кеткен, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Астана" телеарнасына сілтеме жасап.

Телеарнаның мәліметінше, белгісіз біреулер дәретхананың есігін бұзып, ішіндегі заттарды сындырған. Салдарынан құбырдағы су қатып, дәретхананың іші көк мұзға айналған.

"Қазіргі уақытта дәретханаларды коммуналдық меншікке өткізу бойынша жұмыстар жүргізіліп жатыр. Бұдан кейін тазалау шаралары қолға алынады. Қазір қалада үш модульдік және бес стационарлық әжетхана бар. Вандализм деректерінің жиілеуіне байланысты модульдік дәретханалар апатты жағдайда", - дейді Павлодар қалалық ТҮКШ бөлімінің бас маманы Арман Құсайынов.

Еске салайық, құны 5 жарым миллион тұратын бұл дәретхана 2016 жылдың соңында қойылған еді. Үш кабинасы бар. Ортаңғысы ақша жинап, ішкі жағдайға жауап беретін күзетшіге арналған. Тұрғындарға ыңғайлы болу үшін дәретханаға коммуналдық желілер де тартылған еді. Кіріп-шығудың құны бастапқыда 20 теңге, кейін 50 теңге деп белгіленген болатын.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 513.5  course down  583.17  course down  6.22  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer
yadro