11 тамыз 2016 11:13

Павлодарда із-түссіз жоғалған жігіт асылып қалған күйі табылды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Павлодарда 5 маусымда іс-түссіз жоғалған 21 жастағы Бауыржан Нұрмұхамбетовті асылып тұрған күйінде тапқан. Бұл туралы Tengrinews.kz тілішісіне қайтыс болған жігіттің туыстары айтып берді.


Павлодарда 5 маусымда іс-түссіз жоғалған 21 жастағы Бауыржан Нұрмұхамбетовті асылып тұрған күйінде тапқан. Бұл туралы Tengrinews.kz тілішісіне қайтыс болған жігіттің туыстары айтып берді.

"Бізге Бауыржанды өлі күйінде тапқандарын (асылып қалған) хабарлады. Біздің басқа ешқандай мәліметтен хабарымыз жоқ", - деді туыстары. Полиция жігіттің өлімінің себебін анықтайтын болады.

Еске салайық, Бауыржан Нұрмұхамбетов 5 маусым күні сағат үштер шамасында Екінші Павлодар ауданында жоғалған. Жігіт дүкенге құрылыс затын алуға кеткен. Бейнебақылау камералары оның дүкенге кіріп, тауарларды қарап, ештеңе алмай кеткенін түсіріп алған. Бауыржан әкесі екеуі үй салып жатқан және ол із-түссіз жоғалғанға дейін әкесі екеуі ренжісіп қалған.

Жігітті іздестіру жұмыстары екі айға созылған. Күнде оны полиция және еріктілер тобы іздеcтірген. Еріктілер Ертіс жағалауын, Павлодардың шеткі маңайларында, қала маңындағы ауылдардан, Экібастұз өңірінен, біреулер Бауыржанға ұқсас біреуді көрдік деген соң Қарағанды облысынан да іздестіру жұмыстарын жүргізген. Жігітті іздестіруге жұлдызшылар мен көріпкелдер де атсалысқан.

Баланың ата-анасы баласының үйге қайтуын өтініп видеохабарлама жариялаған болатын. Жігіт үйдегілеріне ренжіп кетіп қалған немесе біреулер оны күштеп ұстап құлдыққа салды деген нұсқалар қарастырылған.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети