Павлодарда жоғалған полицей өлі табылды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Павлодарда жоғалған полицей өлі табылды

Павлодарда жоғалған полицей өлі табылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Павлодар облыстық ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

ПОДЕЛИТЬСЯ

Павлодарда жоғалған полицей өлі табылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Павлодар облыстық ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Өңірлік ІІД өкілдерінің мәліметінше, 35 жастағы учаскелік полицейдің мәйітін құқық қорғау органының қызметкерлері мен құтқарушылар тауыпты. 

"Полиция қызметкері Жәнібек Қасымовтың мәйіті Ертіс өзенінің жағасынан, Аққтоғай ауданындағы Қожамжар ауылының маңында табылды. Алдын ала мәліметтер бойынша, ол суға кеткен, денесі толқынмен шығып қалған", - деп хабарлады ІІД өкілдері. Оның өлімінің себебін сот-медициналық сараптама қорытындысы шешеді. 

Қаза болған полицейдің әйелі Әсел Ысқақова оны соңғы рет 2 маусымда көрген. Ол бірер сағаттан кейін оралатынын айтып, үйден шығып кетіпті. Айта кетейік, полиция қызметкерімен қатар, жергілікті балықшы да жоғалған болатын. Тексеріс барысында өзеннен қайық табылыпты. Қаза болған полицейдің артында үш баласы қалды, үлкен қызы тоғызда, кенжесі екіге толмаған.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети