Павлодарда жол апатынан кейін болған төбелестің видеосы жарияланды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Павлодарда жол апатынан кейін болған төбелестің видеосы жарияланды видеодан үзінді

Павлодарда жол апатынан кейін болған төбелестің видеосы жарияланды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Оқиға орнында болған жағдайды куәгерлер видеоға түсіріп алған. Жол-көлік оқиғасы Естай мен Қатаев көшелерінің қиылысында болды.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Павлодарда жол апатынан кейін болған төбелестің видеосы жарияланды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Оқиға орнында болған жағдайды куәгерлер видеоға түсіріп алған. Жол-көлік оқиғасы Естай мен Қатаев көшелерінің қиылысында болды.

Видеода авто жүргізушісі қатты жылдамдықпен қиылыста солға бұрылып, қарама-қарсы бағытта келе жатқан көлікті соғады. Бетпе-бет соқтығысқан көліктер сол жерде тоқтай қалады. Бірнеше секундтан соң екінші автокөліктің салонынан бір жолаушы шығып, жол апатына кінәлі жүргізушіге жұдырық ала жүгіреді. 

Артынан шыққан ер адам оны тоқтатпақшы болады, алайда ол екі рет соққы дарытып, бір рет теуіп үлгерген. Осы кезде оқиға орнына полиция автокөлігі келеді.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Типичный Павлодар (@tipavlo)

Бірнеше сағаттың ішінде видео 20 мыңнан аса қаралған. Көптеген пікір қалдырушылар шабуылдаған жолаушының жағына шығып, өздері де солай істейтінін айтты. Кейбіреулері жол апатына кінәлі авто жүргізушісі мас күйде көлік жүргізгенін немесе телефонмен сөйлесіп отырып, байқамай қалған болуы мүмкін деген болжам жасады. 

Осы оқиғаның мән-жайы әзірге белгісіз. Tengrinews.kz тілшісінің сауалхатына өңірлік полиция департаменті баспасөз қызметінің өкілдері видеоға байланысты тексеру жүріп жатқанын айтты. Оқиғаның мән-жайы кейінірек айтылатын болып уәде етілді.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети