Павлодардағы химиялық кәсіпорында 200 келі хлор сыртқа төгілді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Павлодардағы химиялық кәсіпорында 200 келі хлор сыртқа төгілді

Павлодардағы химиялық кәсіпорында 200 келі хлор сыртқа төгілді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі облыстық ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Ведомствоның хабарлауынша, авария "Каустик" АҚ кәсіпорындарының бірінде болған.

"Ғимаратта 200 келі сұйық хлор төгілді. Арнайы тетік автоматты түрде жұмыс істеп, сұйықтықтың жайылуына тосқауыл болған", - деді баспасөз қызметіндегілер.

Аймақтық ТЖД төгілген хлордың сақтау қоймасының маңына тасталмағанын айтты. Алдын ала мәлімет бойынша, улы зат ернемек арқылы жалғастырылатын төсеменің герметизациясының жойылуынан болған. Зардап шеккендер мен қаза тапқандар жоқ.

Қазір ТЖД қызметкерлерінің қатысуымен экологтардан және прокуратура қызметкерлерінен құрылған арнайы комиссия аварияның себебін анықтап жатыр. "Каустик" АҚ баспасөз қызметінің мәліметінше, ғимаратта әрқайсысының көлемі 150 тонна болатын хлор сақтауға арналған  4 цистерна бар.

"Дабыл қағу жүйесі іске қосыла салысымен барлық қызметкерлер эвакуцияланды. Оқиғадан кейін біздің зертхана қызметкерлері ауаға сараптама жасады. Олар хлордың ауадағы рұқсат етілген концентрациядан асып кетпегендігін анықтады", - деді "Каустик" АҚ баспасөз хатшысы Нариман Рузеев. Оның айтуынша, ең соңғы рет мұндай жағдай 1970 жылы Павлодар химия зауытында болған.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

Ауа райы

location-current
Алматы

Редакция Жарнама
Социальные сети