Павлодардағы электролиз зауытында өрт шықты

Жансая Қадыржанова
Жансая Қадыржанова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Павлодардағы электролиз зауытында өрт шықты pavlodarnews.kz сайтынан алынған сурет

20 наурызда Павлодардағы электролиз зауытында өрт шықты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Pavlodarnews.kz сайтына сілтеме жасап. 

ПОДЕЛИТЬСЯ

20 наурызда Павлодардағы электролиз зауытында өрт шықты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Pavlodarnews.kz сайтына сілтеме жасап. 

Өрт электрод өндіру цехының газ тазарту қондырғысынан шыққан. Газ құбыры жүйесінде температура көтеріліп, нәтижесінде жана бастаған.

"Өрт сөндіру тобы өртті сөндірді. Барлық қызметкер өрт шыққан жерден шұғыл түрде эвакуацияланды. Қауіпсіздік техникасы қызметі қызметкерлердің денсаулығын тексеру үшін дереу жедел жәрдем шақырды", - делінген кәсіпорынның Instagram-дағы ресми парақшасында.

Қызметкерлер арасында улану дерегі тіркелмегені белгілі болды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети