Павлодарға бара жатқан пойызда жолаушы қайтыс болды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Павлодарға бара жатқан пойызда жолаушы қайтыс болды © ҚТЖ

31 тамызға қараған түні Астанадан Павлодарға бағытталған пойызда жолаушы қайтыс болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

31 тамызға қараған түні Астанадан Павлодарға бағытталған пойызда жолаушы қайтыс болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Біз отбасымызбен көрші вагонда болғанбыз. Павлодарға дейін жиырма минуттық жер қалған, кенеттен пойыздың қызметкерлері дыбыстық хабарлама жіберіп, арамызда дәрігер болса көрші вагонға өтуін сұрады. Содан кейін ол вагонға бір әйелдің беттегенін көрдім. Қызметкерлер жүгіріп кетті. Біреудің жағдайының қиындағаны түсінікті болды. Пойыздан шыққан соң жедел жәрдем көлігі мен дәрігерлерді көрдік, сөйтсек, бір жолаушы қайтыс болыпты", - деді куәгерлердің бірі. 

Жолаушының қаза болғандығы жайлы ақпаратты Павлодар облысының денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі растады. Қаза тапқан жолаушы Павлодар қаласының тұрғыны.  

"Қоңырау 00.46-да түсті. 00.57-де жедел жәрдем қызметкерлері Павлодар қаласының теміржол вокзалында болды. Павлодар-Астана пойызының 1939 жылы туған жолаушысы жедел жәрдем келгенше көз жұмған. Азамат жүректің ишемиялық ауруымен ауырған. Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр", - деп хабарлады облыстың денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі. 

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети