21 шілде 2014 20:59

Павлодарлық боқауыз бүлдіршін

ПОДЕЛИТЬСЯ

Сурет YouTube бейнежазбасынан кесіп алынды Сурет YouTube бейнежазбасынан кесіп алынды

Ғаламторда аузына ақ ит кіріп, көк ит шыққан кішкентай бүлдіршіннің бейнежазбасы пайда болды деп хабарлайды Tengrinews.kz. Бейнежазба "Автокөлік жүргізушілерді қолдау қоғамы" біріккен қоғамының желісіне орнатылған екен.


Ғаламторда аузына ақ ит кіріп, көк ит шыққан кішкентай бүлдіршіннің бейнежазбасы пайда болды деп хабарлайды Tengrinews.kz. Бейнежазба "Автокөлік жүргізушілерді қолдау қоғамы" біріккен қоғамының желісіне орнатылған екен.

Бейнежазбада шамамен үштердегі кішкентай бүлдіршін екі үлкен ер адаммен сөйлесіп отыр. Көшеде тізе бүгіп отырған балаға түрлі сұрақтар қойылады, онда да боқтық сөздер жиі қолданылады. Бала болса жаратпай айқайлап жауап қатады. Бәрінен бұрын, кішкентай бүлдіршін аузынан шыққан будақ-будақ боқтық елді таң қалдырған. Оны қызық көрген үлкендер көлігің неге жаман деп тиісе сауал қояды. Жауап орнына бала оларды бұзақылар тілімен жекпе-жекке шақырады.

"Бізге бұл роликті өз ресурсымызда жариялауымызды өтініп, біреулер жолдаған. Алайда ролик мазмұны аталған мекеме қызметіне еш жуымайды. Бірақ біз бұл материалға көз жұма қарай алмадық. Баланың аты Әлішер. Павлодар облысының прокуратурасы бұған бір шара қолданады деп үміттенеміз. "NEXT" буыны осындай адамды дүниеге әкелуде, одан адам емес, топас лаң мәңгүртті жасауда" деп жазылған бейнежазба астындағы жазуда.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети