17 ақпан 2017 16:33

Павлодарлық полицей басын қатерге тіге отырып, балалар отырған автобусты соқтығысудан аман алып қалды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Павлодарлық полицейлер балалар отырған автобусты жол апатынан аман алып қалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 


Павлодарлық полицейлер балалар отырған автобусты жол апатынан аман алып қалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

"Баянауыл аудандық ішкі істер бөлімі полициясының қызметкерлері қызметтік Lada Granta көлігімен балалар отырған автобусты алып келе жатқан. Балалар Павлодардағы шаңғы жарысына бағыт алған. Павлодар-Астана автожолында Қалқаман ауылының маңында КамАЗ жүргізіп келе жатқан 50 жастағы жүргізуші қарсы бағыттағы жолға шығып кеткен. Жүк көлігі мен балалар отырған автобус соғыспауы үшін полиция старшинасы Мұрат Нұрсейітов ойланбастан қызметтік көлікті жолға көлденең бұрып үлгерген", - делінген өңірлік полиция департаментінің баспасөз қызметі таратқан хабарламада. Осыдан кейін автобусқа қарай келе жатқан КамАЗ полиция көлігін соққан. 


Видео instagram.com/kolesa_pavlodara

Жол апатының салдарынан полицей түрлі жарақатымен Павлодардағы ауруханаға жеткізілген. Автобуста 18 бала және оларды алып келе жатқан төрт тәрбиеші болған. Қазіргі уақытта 39 жастағы полицей жансақтау бөлімінде жатыр. Оның жағдайын дәрігерлер аса ауыр деп бағалап отыр. 


Видео instagram.com/vpavlodare

Оқиға орнында жедел-тергеу тобы жұмыс істеп жатыр.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети