07 қыркүйек 2020 17:03

Павлодарлықтардың үрейін ұшырған ер адам ұсталды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: ©Tengrinews.kz Фото: ©Tengrinews.kz

Павлодарда ерсі әрекетімен тұрғындардың зәресін алған 39 жастағы ер адам ұсталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Pavlodarnews.kz порталына сілтеме жасап.


Павлодарда ерсі әрекетімен тұрғындардың зәресін алған 39 жастағы ер адам ұсталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Pavlodarnews.kz порталына сілтеме жасап.

Басылымның мәліметінше, 6 қыркүйекте әлеуметтік желіде видео тараған. Онда Павлодардағы көпқабатты үйлердің біріндегі ойын алаңында спорттық үлгіде киінген ер адамды көруге болады. Ол шалбарын түсіріп, әткеншекте 30 секунд ойнаған. Бұл дерек Павлодар қаласы полиция департаметінің орталық бөлімінде тіркеліп, видео бойынша тексеріс жүргізілген.

"Қалалық полиция инспекторлары 39 жастағы ер адамды ұстады. Ол 1986 жылдан бері облыстық психоневрологиялық диспансерде есепте тұр. Ер адамның ауруы қозғаны туралы ақпарат денсаулық сақтау басқармасына берілді. Емдеу туралы шешімді дәрігерлер қабылдайды. Полиция қызметкерлері ер адамды ауруханаға жатқызу үшін жедел жәрдем қызметіне тапсырды", - делінген хабарламада.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети