Ақтөбенің білім басқармасындағылар әкесі мен өгей шешесі телемұнарадан секіріп кетіп, қаза тапқан жеті жасар Кристина Шустер жайлы айтып берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Осыған дейін қайғылы оқиға алдында қызды өгей шешесінің сабап тастағаны хабарланған еді.
Ақтөбенің білім басқармасындағылар әкесі мен өгей шешесі телемұнарадан секіріп кетіп, қаза тапқан жеті жасар Кристина Шустер жайлы айтып берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Осыған дейін қайғылы оқиға алдында қызды өгей шешесінің сабап тастағаны хабарланған еді.
Балалар құқығын қорғау және сақтау секторының жетекшісі Ақырыс Шагированың айтуынша, Кристинаның шешесі одан туғанда-ақ бас тартқан. Кристина 3 жасына дейін сәбилер үйінде болған, кейін оны әкесі өз қолына алған.
"2012 жылы әкесі құжаттарын дайындап, қызды алып кетті. Осы уақыт бойы қызды әкесі жалғыз бақты. 2017 жылдың қаңтарында ер адам Асель Дүйсенбаевамен бірге тұра бастады. Бірақ ол ресми тіркелмеді. Әйелдің өз баласы болды, ұл бала", - деді Шагирова.
Кристина Шустер №59 мектептің 1-сыныбында оқиды. Сектор жетекшісінің айтуынша, бала өте жақсы оқиды және сипаттамасы жағымды. Мектептегілер қызды біреу-міреудің ұрып-соғып жүргенін білмеген, себебі Кристина бұл жайлы ешкімге тіс жарып айтпаған.
"Өгей шешесімен қарым-қатынасы жақсы болған, мектепте ол солай дейтін. Ұрып-соғу іздері болмаған. 12 мамырда Кристина сабаққа келмеді, сосын сынып жетекшісі оның ата-анасына хабарласты. Бірақ олар телефон көтермеген, бұдан кейін мұғалім олардың үйіне барған. Ешкім есік ашпаған. 13 мамырда оның соққыға жығылғаны анықталды. Көршілер инспекторды шақырып, Кристина үйден табылды", - деді Ақырыс Шагирова.
Қазіргі уақытта жеті жасар қыз Ақтөбедегі облыстық балалар ауруханасында. Ол ауруханадан шығарылған кезде білім басқармасы оның алдағы уақытта қайда тәрбиеленетінін шешеді. Кристинаның әпкесі әкесінің тарапынан қызды өз асырауына алуы мүмкін.
Еске салайық, таяуда қыздың әкесі Владимир Шустер мен өгей шешесі Асель Дүйсенбаева Құрайлы ауылындағы ретрансляция мұнарасынан секіріп кеткен болатын. Олар оқиға орнында қаза тапқан.