28 қазан 2021 | 16:48

Пенжімдегі жаппай төбелес: тағы бір адам зардап шеккен

Жансая Қадыржанова Корреспондент

Панфилов ауданының әкімі Талғат Өмірәлиев Пенжімдегі оқиғадан кейін тағы бір адам зардап шеккенін айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Панфилов ауданының әкімі Талғат Өмірәлиев Пенжімдегі оқиғадан кейін тағы бір адам зардап шеккенін айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Әкімнің айтуынша, 53 жастағы ер адам зардап шеккен.

"Жастар ауылда жүгіріп, тас лақтырған кезде, 1968 жылғы ер адамның басына тиіп, жарақат алған. Оған бардық, ауруханада жатыр, жағдайы қалыпты, дәрігерлер көмектесті", - деді Талғат Өмірәлиев.

Реклама
Реклама

Панфилов ауданының әкімі Талғат Өмірәлиев.

Бұған дейін 27 қазанда Алматы облысындағы Пенжім ауылының мектеп территориясында жаппай төбелес болып, 16 жастағы бала ауруханаға түскені хабарланды.

Пенжім ауылындағы жаппай төбелесте жасөспірім зардап шекті

Кейін Алматы облысы Денсаулық сақтау басқармасы Пенжім ауылында жаппай төбелес кезінде зардап шеккен оқушының жағдайы туралы мәлімдеді. 27 қазанда 2005 жылы туған мектеп оқушысы Панфилов ауданаралық көпсалалы ауруханасына түскені белгілі болды. Пенжім ауылындағы арандатушылар туралы ҚХА ресми өкілі Майя Бекбаева да мәлімдеме жасаған еді. Ол ауыл тұрғындары тыныштық пен бейбітшілікті қалайтынын айтқан. Алматы облысының Полиция департаменті Пенжім ауылындағы жаппай төбелеске қатысты өрттің оқиғаға қатысы бар-жоғы туралы пікір білдірген.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная