28 қазан 2021 11:58

ҚХА Пенжім ауылындағы арандатушылар туралы мәлімдеме жасады

Жансая Қадыржанова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстан халқы Ассамблеясының ресми өкілі Майя Бекбаева арандатушылар туралы мәлімдеме жасады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Қазақстан халқы Ассамблеясының ресми өкілі Майя Бекбаева арандатушылар туралы мәлімдеме жасады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Майя Бекбаева Алматы облысы Панфилов ауданы Пенжім ауылының мектебінде екі жоғары сынып оқушысы арасында жанжал шығып, ол төбелеске ұласқанын. Төбелес барысында оқушылардың бірі зардап шегіп, оған көмек көрсетілгенін, қазір ауруханада, дәрігерлердің бақылауында екенін айтты.

"Кешке ауылда жергілікті тұрғындар жиналып, мектеп территориясында осындай жағдайға алып келген төбелес болғанына наразылық білдірген. Сонымен қатар, кейбір жасөспірімдер мен жастар эмоцияға бой алдырып, арандатушылардың ықпалымен жеке үйлер мен автокөліктердің терезелеріне тас лақтырып, сындырған.

Этносаралық негіздегі ауыл тұрғындары арасында қандай да бір қақтығыстар болмағанын, алда да болмайтынын ерекше атап өткім келеді. Жергілікті тұрғындар - қазақтар мен ұйғырлар ұзақ уақыт бойы бірге тұрады, бір-біріне дос, көрші. Барлығы шын жүректен бейбітшілік пен тыныштық болғанын қалайды", - деді ол.

Оның айтуынша, жергілікті атқарушы және құқық қорғау органдарының өкілдері, Қазақстан халқы Ассамблеясы төрағасының қоғамдық орынбасары Зәкіржан Күзиев, ҚХА хатшылығы және облыстық ішкі саясат басқармасының этносаралық қатынастар мәселелері жөніндегі бөлім басшысы М.Батырбеков және "Қоғамдық келісім" КММ директоры оқиға болған жерде қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етеді. Олармен бірге ақсақалдар, азаматтық қоғам өкілдері жұмыс істейді.
Ол қазір Пенжім ауылындағы жағдай тұрақты екенін айтты.

Еске салайық, ресми мәлімет бойынша, 27 қазанда Алматы облысы Пенжім ауылындағы мектеп территориясында жаппай төбелес болып, нәтижесінде 16 жастағы жасөспірім ауруханаға жатқызылған.

Бұл дерек бойынша Қылмыстық кодекстің 106-бабының 2-бөлігі бойынша ("Екі немесе одан да көп адамға қатысты денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру") қылмыстық іс тіркелген. Полиция жанжалға қатысқандар анықталды деп сендірген.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от TengriNews (@tengrinewskz)

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 445.66   490.7   4.78 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети