"Пештегі тамақ қараусыз қалған". Қостанай облысында газ жарылды

ПОДЕЛИТЬСЯ

"Пештегі тамақ қараусыз қалған". Қостанай облысында газ жарылды

Лисаковте пеште тұрған тамақты қараусыз қалдыру салдарынан газ жарылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Alau.kz басылымына сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Лисаковте пеште тұрған тамақты қараусыз қалдыру салдарынан газ жарылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Alau.kz басылымына сілтеме жасап.

Қостанай облысы ТЖД баспасөз қызметі мәліметіне сүйенсек, 27 наурызда Лисаков қаласының мамандандырылған өрт сөндіру бөлімі пультіне 5 шағын ауданындағы 5 қабатты үй пәтерлерінің бірі түтіндеп жатқаны туралы хабарлама келіп түсті. Өрт асүйден шыққан.

"Өрт асүйдегі пеште тамақ пен қайнап жатқан суды қараусыз қалдыру салдарынан шыққан. Газ қоспасы ауаға жайылып, нәтижесінде жарылыс болған. Көрші екі пәтер арасындағы жұқа қабырға қирады. Пәтерде 1993 жылы туған ер адам болған. Көрші пәтерде үш ересек тұрғын және он айлық сәби болғаны анықталды", - деп хабарлады ТЖД өкілдері.

Қаза болғандар мен зардап шеккендер жоқ. Өрт мамандандырылған өрт сөндіру бөлімі келгенге дейін қолда бар құралдармен сөндірілді.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети