Петропавл станциясында тепловоз "МАЗ" автокөлігімен соқтығысты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Петропавл станциясын "Российские железные дороги" АҚ басқарады.
Петропавл станциясында тепловоз "МАЗ" автокөлігімен соқтығысты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Петропавл станциясын "Российские железные дороги" АҚ басқарады.
"2017 жылы 26 тамызда сағат 00:57-де Петропавл станциясында технологиялық өткелде "Леском" (РФ) ЖШС СҚО 10 шақырым жылдамдықпен ЧМЭ-3 тепловозы "МАЗ" маркалы көлікпен соқтығысты. Жол-көлік оқиғасы салдарынан тепловоз рельстен шығып кетті, ал "МАЗ" бір жанына аударылып қалды", - деп хабарлады "ҚТЖ" ҰҚ" АҚ баспасөз қызметіндегілер.
Оқиға салдарынан қаза тапқандар мен зардап шеккендер жоқ. Жол апатына темір жолдан өту ережесін бұзған "МАЗ" жүргізушісі кінәлі екені айтылады.