Петропавл орталығында дәмхана мен бес қабатты үй өртеніп жатыр

ПОДЕЛИТЬСЯ

Петропавл орталығында дәмхана мен бес қабатты үй өртеніп жатыр © 24.kz

Петропавл қаласының Ульянов көшесінде орналасқан бес қабатты үй мен Pizza House дәмханасы өртеніп жатыр, - деп хабарлайды 24.kz.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Петропавл қаласының Ульянов көшесінде орналасқан бес қабатты үй мен Pizza House дәмханасы өртеніп жатыр, - деп хабарлайды 24.kz.

Өрт шалған аумақтың нақты ауданы әзірше белгісіз. Дегенмен ғимараттың шатыры түгел өртеніп кеткені анықталды. Басылымның мәліметінше, жалын көрші ғимаратқа да көше бастады. Дәмхананың маңындағы бес қабатты үйдің шатыры да өртеніп жатыр.

Зардап шеккендер туралы әзірше ақпарат жоқ. Оқиға орнына өрт сөндіру қызметкерлері келді, 10-нан астам арнайы техника жұмылдырылды. Бес қабатты үйдің тұрғындары эвакуацияланды.

Еске сала кетейік, 20 маусымда Ақтөбенің "Ланцелот" мейрамханасында өрт шыққан болатын. Өрт 700 шаршы метр ауданды қамтыды. Мейрамхана қызметкерлері өрт сөндірушілер келгенге дейін эвакуацияланды. Өрт мейрамхананы түгел жойып жіберді.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети