Петропавл ІІБ-на баса-көктеп кірмек болған шетелдік азаматты тоқтату үшін полиция қызметкерлері Калашников автоматын қолданды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі СҚО ІІД-не сілтеме жасап.
Петропавл ІІБ-на баса-көктеп кірмек болған шетелдік азаматты тоқтату үшін полиция қызметкерлері Калашников автоматын қолданды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі СҚО ІІД-не сілтеме жасап.
Полицияның мәлімдеуіне қарағанда, бұл оқиға 26 сәуір күні сағат 11-дің кезінде болған. Өзбекстан азаматы құқық қорғау органдарының қызметкерлеріне өзінің кім екендігін айтып, полиция ғимаратының ішіне кірмек болады. Бақылау-өткізу бекетінде тұрғандар оны ішке өткізбейді. Оларға әлгі адам бой бермейді.
"Қызметте тұрған полиция қызметкерлеріне бой бермей, оларға қарсылық көрсеткен азаматты ұстау барысында табельдік қару – Калашников автоматынан бірнеше ескерту оқ атылды", - деп түсіндірген СҚО ІІД-нің баспасөз қызметі.
Осы факт бойынша "Билік өкілдеріне қатысты күш қолдану" бабына сәйкес қылмыстық іс қозғалғандығы мәлімденген. Сабасына түсіру үшін полиция қызметкерлері Калашников автоматын қолдануға мәжбір болған шетелдік Петропавл ІІБ-ның уақытша ұстау изоляторына қамалаған.
Баса-көктеп кіріп кетпек болғаны үшін ол адам 5 жылдан 10 жылға дейiн бас бостандығынан айырылуы да мүмкін. Өзбекстан азаматының Петропавлға жол жөнекей тоқтап, Ресей Федерациясына кетіп қалмақ болғандығы анықталған.