Петропавлда бес адамның өмірін қиған өрттің себебі аталды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Петропавлда бес адамның өмірін қиған өрттің себебі аталды Өрт 11 мамыр күні сағат 03.35-те басталған. ©Тengrinews.kz

Петропавлда бес адамның өмірін қиған өртке диванның тұтануы себеп болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Петропавлда бес адамның өмірін қиған өртке диванның тұтануы себеп болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Төтенше оқиға болатын күні кешкісін бұл жеке үйде диван жанған. Отбасы оны өз күштерімен сөндірмек болған. Өртсөндіру қызметін шақырмаған. Жиһаздың жанған жерін сөндіріп, сарай маңына қалдырған", - дейді Петропавл қаласы төтенше жағдайлар басқармасының бастығы Азамат Орамбаев.

Көршілердің айтуынша, марқұм болғандар - спиртті ішімдікке құмар адамдар, үйге бейтаныс әрі күдікті адамдар жиі келетін болған. "Біз олармен көрші тұрдық, ешқашан жанжалдаспауға тырыстық. Түнде есікті қағып айқайлаған адамдардың даусынан ояндық. Мен баламды алып, күйеуімді ояттым. Бізге көршілер көмектесті", - дейді үйдің екінші жартысында тұратын әйел. Өрттің нақты себебін анықтау үшін сот-медициналық, өрт-техникалық сараптамалары тағайындалды.

Еске сала кетейік, 11 мамыр күні сағат 03.35-те Петропавлда екіпәтерлі үйдің бір бөлігі өртенген болатын. Тілсіз жау сағат 05.43-те толық залалсыздандырылған. Үйдің 72 шаршы метрі өртенді. Оқиға орнынан үш ер адамның және екі әйел адамның мәйіті табылды.

 

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 500.6  course up  583.17  course up  6.51  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети