Петропавлда дәмханадан шыққан өрт үш сағаттан кейін ауыздықталды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Петропавлда дәмханадан шыққан өрт үш сағаттан кейін ауыздықталды © Newskaz.ru

Петропавлдағы Pizza House дәмханасынан шыққан өрт ауыздықталды, - деп хабарлайды ИА "Новости-Казахстан" Солтүстік Қазақстан облысы ТЖД баспасөз хатшысы Евгений Журавлевқа сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Петропавлдағы Pizza House дәмханасынан шыққан өрт ауыздықталды, - деп хабарлайды ИА "Новости-Казахстан" Солтүстік Қазақстан облысы ТЖД баспасөз хатшысы Евгений Журавлевқа сілтеме жасап.

"Өрт сағат 15.30-да ауыздықталды, 16.25-те толықтай өшірілді. Зардап шеккендер мен қаза тапқандар жоқ. Өрттің шығу себебі мен шығыны анықталып жатыр", - деді Журавлев.

Оның айтуынша, өрттің шыққаны туралы ақпарат сағат 12.30-да келіп түскен. "Өртті сөндіруге СҚО ТЖД жеке құрамынан 70 адам мен 22 техника жұмылдырылды", - деді ол. Өрттің тез таралуына жел себеп болған.

Оқиға орнында ТЖД қызметкерлері әлі де жұмыс істеп жатыр. 

Еске сала кетейік, осыған дейін Петропавлда дәмхана мен бес қабатты үйдің өртеніп жатқаны хабарланған болатын. Ғимараттың өртеніп жатқаны бейнеленген видео Youtube сайтына жүктелді.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети