Петропавлда екі ер адам зейнеткердің 100 миллион теңгесін тонап кеткен

ПОДЕЛИТЬСЯ

Петропавлда екі ер адам зейнеткердің 100 миллион теңгесін тонап кеткен Фото: polisia.kz

Петропавлда әжейдің 100 миллион теңгесін жымқырған ұрыларды криминалист қорапта қалған аяқ іздері арқылы анықтады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Петропавлда әжейдің 100 миллион теңгесін жымқырған ұрыларды криминалист қорапта қалған аяқ іздері арқылы анықтады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

ІІМ мәліметінше, 2023 жылғы маусымда Петропавлдағы пәтерлердің біріне қоңырау түскен.

"Егде жастағы әжей суға арналған сүзгісі құрылғысын тиімді жеңілдікпен орнатуды ұсынған екі ер адамды үйіне кіргізген. Олар уәде еткен жұмысты орындап, еш күдік тудырмайды. Әжей көрші бөлмеден ақша алып шығып, орнатқан құрылғы үшін төлем жасады. Осы сәтте олардың бірі ақша жасырылған жерді байқап қалған.

Олардың біреуі әжейді сөзге айналдырса, екіншісі көрші бөлмеге өтіп, 100 миллион теңге қаражатты жымқырды", - делінген хабарламада.

Әжей ақшаның ұрланғаны туралы бірнеше күн өткеннен кейін білген.

"Құрамында Петропавл қаласының ПБ ЖКБ аға криминалисі Ербол Мусин бар полиция қызметкерлері оқиға орнына келген бойда қылмыстың мән-жайы туралы нақтылай бастады. Ербол пәтерді мұқият қарап шығып, алаяқтар қалдырған сүзгі құрылғысының қорабынан іздерді тапты. Іздер бойынша қылмыскерлердің жеке басы да анықталды", - делінген хабарламада.

Олар Қостанай облысының тумасы болып шықты және біреуінің Петропавлда тұрақты тұратыны белгілі болды. Криминалистің кәсіби іс-қимылы негізінде қылмыс қысқа мерзімде ашылды, қаскөйлер ұсталып, ақшалай қаражаттың бір бөлігі әжейге қайтарылған.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети