Петропавлда халықтық тұтыну тауарлары мен жаңажылдық бұйымдар сақталған қойма өртенді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Петропавлда халықтық тұтыну тауарлары мен жаңажылдық бұйымдар сақталған қойма өртенді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Екі қабатты металл қоймада өрттің шыққаны туралы хабарлама сағат 13.26-да келіп түскен. Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары тобының қызметкерлері төтенше жағдай болып жатқан жерге үш минуттан соң жетті.
Солтүстік Қазақстан облысы ТЖ департаментінің мемлекеттік тіл және ақпарат тобының маманы Евгений Журавлевтің айтуынша, қызметкерлер жылдам жетуінің арқасында өрттің жақын ғимараттарға таралуының алдын алған. Ол өрт болған ауданда ағаштан жасалған үйлердің көп екенін айтты.
"Сағат 15.04-те өрт ауыздықталды. Өрт болған жерде қазір тексеріс жүргізіліп жатыр", - деді ол. Журавлевтің айтуынша, өрттен қаза тапқандар мен зардап шеккендер жоқ. Дегенмен қоймадағы тауарлар өртеніп кеткен. Нақты қанша шығын келгенін қазір мамандар анықтап жатыр.
Маманның айтуынша, қоймада халықтық тұтыну тауарлары мен жаңажылдық әшекейлер болған. "Мен онда шыршаны безендіретін бұйымдар көрдім. Дегенмен қоймада пиротехника болмады", - деді облыстық ТЖД өкілі.
Өрт аумағы үлкен болғаны соншалық, қоңыраудың екінші номері шалынған. Өртті сөндіруге 10 бірлік өрт техникасы және жеке құрамнан 40-тан аса адам жұмылдырылды.