23 қазан 2019 | 08:46

Петропавлда жаппай төбелескен студенттер оқудан шығарылады

ПОДЕЛИТЬСЯ

Видеодан алынған кадр Видеодан алынған кадр

Петропавлда жаппай төбелес шығарған студенттер оқудан шығарылатын болды, - деп хабарлайды КТК телеарнасы.


Иконка комментария блок соц сети

Петропавлда жаппай төбелес шығарған студенттер оқудан шығарылатын болды, - деп хабарлайды КТК телеарнасы.

Телеарнадағылардың мәліметінше, Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінің 2 және 3-курс студенттері асханада кезекке таласып, арты үлкен дауға ұласып, кейін қақтығыс болған.

Оқиға Есіл өзенінің жағасындағы "Восточный берег" дәмханасының маңында болған. Полицияға жігіттердің жаппай төбелесіп жатқанын жатақханадағы кезекші студенттер хабарлаған. Оқиға орнына жеткен тәртіп сақшыларын көрген жастар қаша жөнелген. Барлығы 46 студент ұсталған. 

Абырой болғанда, ауыр жарақат алып, денсаулығына қауіп төнгендер жоқ. Тек бір оқушыға медициналық көмек көрсетілген. Ал оқу орнының басшылары төбелеске қатысқандарға сөгіс жариялап, ұйымдастырғандарды оқудан шығаратынын айтты.

"Жоғары оқу орнының студенті атану бұл жоғарғы категория. Жастар өздерінің болашақ зиялы қауым өкілі екенін жақсы түсінуі керек. Ал біз оларды Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университеті студенттерінің әдеп кодексін бұзғаны үшін оқудан шығаратын боламыз", - деді университет проректоры Ербол Исақаев.

Еске салайық, мұның алдында Петропавлда студенттердің жаппай төбелескені түсірілген видео таралған еді.

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.59   521.12   4.87 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети