Петропавлда ЖЭО-2 үйіндісі астынан машинистің денесі табылды

Жансая Қадыржанова
Жансая Қадыржанова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Петропавлда ЖЭО-2 үйіндісі астынан машинистің денесі табылды Фото: СҚО ТЖД

ЖЭО-2-де құлаған құбыр астынан машинистің денесі табылды. Қаза тапқан адам 1984 жылы туған әйел болып шықты. Бұл ақпаратты Денсаулық сақтау басқармасы, сондай-ақ, СҚО ТЖД қызметкерлері растады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

ЖЭО-2-де құлаған құбыр астынан машинистің денесі табылды. Қаза тапқан адам 1984 жылы туған әйел болып шықты. Бұл ақпаратты Денсаулық сақтау басқармасы, сондай-ақ, СҚО ТЖД қызметкерлері растады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"22 наурызда сағат 10.32-де құрылыс конструкциясы үйінділері астынан әйелдің жансыз денесі табылды. 00.05-те мәйіт үйінді астынан шығарылып, сот-медициналық сараптама жүргізу үшін жіберілді", - деді СҚО ТЖД баспасөз қызметі өкілі.

СҚО Төтенше жағдайлар департаменті өкілі екі тәуліктен аса уақыт бойы машинистті іздестіру жұмыстары жүргізілгенін айтты.

Күрделі жағдайға байланысты жұмыс істеу қиын болғаны айтылды. Құтқарушылар ауыр инженерлік техниканы қолданбаған, талдау арнайы құралдар көмегімен, қолмен жүргізілген.

СҚО ТЖД психологиялық қызмет тобы марқұмның туыстарымен жұмыс істейді.  

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети