26 қыркүйек 2018 | 14:12

Петропавлда жол апатынан зардап шеккен қыз 11 күн комадан кейін қайтыс болды

ПОДЕЛИТЬСЯ

видеодан үзінді видеодан үзінді

Петропавлда Lexus жүргізушісі қағып кеткен екі қыздың біреуі қайтыс болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Солтүстік Қазақстан облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 


Петропавлда Lexus жүргізушісі қағып кеткен екі қыздың біреуі қайтыс болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Солтүстік Қазақстан облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Жол-көлік оқиғасы қыркүйектің ортасында Петропавл орталығында болған еді. Қыздарды көлік қағып кеткен сәтте түсірілген видео әлеуметтік желіде жарияланған еді. Оларды әр түрлі дене жарақатымен ауруханаға жеткізген еді. 25 жастағы Ксения - екі жасар қыздың анасы - комаға түскен еді. 

"Бүгін таңертең ол қайтыс болды. Екінші қыз ауруханаға түскеннен кейін екінші күні қарапайым палатаға ауыстырылды, оның жағдайы жақсы", - деді басқарма баспасөз қызметінің өкілдері. 

Осыған дейін, қыздарды қағып кеткен Lexus жүргізушісі Қазақстан шекарасын жаяу кесіп өтіп, Ресейге қашып кеткені туралы хабарланды. 

Сотқа жіберілген іс материалдары бойынша, 15 қыркүйекте таңғы 04:27-де Старухин И.В. мас күйінде көлік жүргізіп, жаяу жүргіншілерді қағып кеткен. Осы дерекке қатысты және жол апаты болған жерден кетіп қалғаны үшін оған қатысты қылмыстық іс қозғалған. 

Читайте также
Join Telegram
Орны бөлек оңалту орталығы
Мұнай бағасы төмендеп жатыр
Мұнай бағасы құлдырады

Валюта бағамы

 480.4   533.87   5.33 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети