Петропавлда көлік жарылған сәттің видеосы тарап жатыр

ПОДЕЛИТЬСЯ

Петропавл орталығында көлік жарылды. Куәгерлер оқиғаны видеоға түсіріп үлгерген, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Петропавл орталығында көлік жарылды. Куәгерлер оқиғаны видеоға түсіріп үлгерген, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Видео ZTB парақшасында жарияланды. Кадрларда алдымен көлік өртеніп жатады, кейін жойқын жарылыс болады.

Солтүстік Қазақстан облысы ТЖД баспасөз қызметінің мәліметінше, газбен жүретін Audi жеңіл автокөлігі жанып жатқаны туралы ақпарат 30 сәуірде таңғы 07.26-да түскен.

"Өртсөндірушілер келгенге дейін газ баллоны жарылып кетті. Қаза болғандар мен зардап шеккендер жоқ. Өртті 07.40-та Петропавл қаласының № 3 өрт сөндіру бөлімінің кезекшілері жойды. Өрттің алдын ала себебі - электр сымдарының қысқа тұйықталуы", - деп хабарлады департамент өкілдері.

Құтқарушылар автокөліктің электр жабдықтарын уақтылы диагностикалау қажет екенін еске салды. Өрт шықса, автокөлік 5-7 минут ішінде толығымен жанып кетеді.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети