Петропавлда көпқабатты үйден шыққан өрттің себебі анықталды

viewings icon 389 comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
Фото: © Ольга Файзуллина/Tengrinews.kz Фото: © Ольга Файзуллина/Tengrinews.kz

ӨКҚ брифингінде Петропавлдағы көпқабатты үйден шыққан өрттің себебі аталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

whatsapp button telegram button facebook button
Иконка комментария блок соц сети

ӨКҚ брифингінде Петропавлдағы көпқабатты үйден шыққан өрттің себебі аталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

СҚО ТЖД басшысы Рамиль Камалов көпқабатты ғимараттан 7 газ баллоны, оның ішінде жарылған баллонның да шығарылғанын айтты. Өрттің шығуына да сол себеп болған. Сондай-ақ, ол тыйым салынғанына қарамастан баллондарды пайдаланған кафелерді атады. Газ баллондар үй тұрғындарының ас үйінде де болған. Бұрынғы жатақхана орталық газға қосылмаған.

"Жедел-тергеу тобы жұмыс жүргізіп жатыр. "Қаражорға" кафесінің ас үйінде газ баллоны жарылды. Ғимараттың бірінші қабатында кәсіпкерлер нысаны орналасқан. Жарылыс кезінде іргелес қабырғалар мен бөлімдер қираған. Бұл "Қаражорғаға" жақын орналасқан "Версаль" шаштаразы, екінші жағында "Хочу шашлык" кафесі. Қазіргі уақытта баллонның жарылу себебі анықталып жатыр", - дейді СҚО ТЖД бастығы.

Брифингте көптеген пәтер иесінің үйіде болмағаны, сондықтан өрт сөндіру үшін есіктерді бұзуға тура келгені хабарланды. Бұл өртті сөндіру жұмыстарын баяулатқан.

"Өртті сөндірудегі қиындық жарылыс кезінде өрттің бірінші және екінші қабатқа қарқынды таралуынан болды. Нысанның өзі бес қабатты, дәліздер үлгісінде салынған. Онда да тұрмыстық заттар тұрған. Сондықтан өрт күшейе түсті. Бөлмелерде де өрт шықты. Қатты түтін және аязды ауа райы өртті жылдам сөндіруге кедергі болды", - дейді СҚО ТЖД бастығы Рамиль Камалов.

Айта кетейік, бұрынғы жатақхана ғимаратында 21 ақпанда өрт шыққан еді. 120 адам эвакуацияланды, 2 адам қайтыс болды. Қазір тұрғындар университет жатақханасына орналастырылды. СҚО әкімінің айтуынша, пәтер иелері қаржылай көмек алады, ал үй бюджет есебінен қалпына келтіріледі.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Комментарий отправлен на модерацию
Пікірлер news 0
Комментарии проходят модерацию редакцией

Читайте также
Join Telegram Последние новости
Тоқаев Шымкентке барды
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 515.28  course up  583.05  course up  6.14  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы
16°C Бүгін алабұлтты, жағымды ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer
yadro

Оставьте свой email и мы будем присылать вам самое главное за неделю