Петропавлда моншадағы жарылыс көрші үйге зақым келтірді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Петропавлда моншадағы жарылыс көрші үйге зақым келтірді Фото Тengrinews.kz мұрағатынан

Петропавлда қоғамдық моншаның жылыту қазандығында жарылыс болды, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі ҚР Төтенше жағдайлар министрлігіне сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Петропавлда қоғамдық моншаның жылыту қазандығында жарылыс болды, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі ҚР Төтенше жағдайлар министрлігіне сілтеме жасап.

Мамандардың мәліметінше, 22 сәуір күні "Фирма МГК" ЖШС-не қарасты қоғамдық моншаның жылыту қазандығында қазан жарылған. Жойқын толқынның күшімен қазан моншаға көрші тұрған жеке үйдің шатырына соғылады. "Оқиғаның салдарынан моншаның 100 шаршы метр болатын шатыры және жеке үйдің қабырғасы мен шатыры (40 шаршы метр) зақымданды. Оқиға орнынан 1986 жылы туған моншаның от жағушысы ауруханаға түсті, алғашқы медициналық жәрдем көрсетілгеннен кейін ол үйіне жіберілді", - делінген хабарламада. 

Айта кетейік, Петропавлдың қоғамдық моншаларында төтенше оқиға бірінші рет тіркеліп отырған жоқ. Өткен қаңтар айында қалада "Постоялый двор" саунасы ғимаратының 600 шаршы метрі жанып кеткен болатын. 

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 500.6  course up  583.17  course up  6.51  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети