23 мамыр 2016 | 10:15

Петропавлда оқушы қызды көлік қағып кеткен сәт видеоға түсіп қалды

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Facebook © Facebook

Петропавлда оқушы қызды жаяу жүргіншілерге арналған жолда көлік қағып кетті. Автомобильдегі видеотіркегіш құрылғыға жазылған бейнежазбаны әлеуметтік желі қолданушыларының бірі Facebook-ке жариялады.


Иконка комментария блок соц сети

Петропавлда оқушы қызды жаяу жүргіншілерге арналған жолда көлік қағып кетті. Автомобильдегі видеотіркегіш құрылғыға жазылған бейнежазбаны әлеуметтік желі қолданушыларының бірі Facebook-ке жариялады.

Оқиға 22 мамыр күні "Жастар" стадионының маңында болған. Соққыдан қыз бір метрдей жерге ұшып кетті. Дегенмен оқушы орнынан тұрып, ары қарай кете берді. Кадрдан қарсы бағытта келе жатқан жүргізушінің оқушы қызға көмектеспекші болғаны көрінеді. Ал жол бойында велосипедпен кетіп бара жатқан адам қызды қағып кеткен жүргізушіні соққының астына алды. Оқиғаның немен аяқталғаны белгісіз. 

Әлеуметтік желі қолданушылары таңданыстарын жеткізіп жатыр. "Сұмдық! Бала есеңгіреп қалды. Оны ауруханаға апару керек еді", - деп жазды Евгения Маршалова.

"Бала медициналық тексерістен өтті деп үміттенемін. Жарақат ауыр болуы мүмкін. Ал жүргізуші заң алдында жауап беруі керек", - деді тағы бір қолданушы Әсел Ибраева.

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.59   521.12   4.87 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети