Петропавлда оқушыларға шабуыл жасалған №4 орта мектептегі қазігі жағдай қандай? Оқиға орнына Tengrinews.kz тілшісі барды.
Мектепте полиция қызметкерлері бар. Білім беру қызметкерлері пікір беруден бас тартты.

Мектеп аумағы қоршалған.



Мектепке кіреберісте күзет пункті, сондай-ақ бейнебақылау камерасы бар.
Журналистерді мектеп залынан ары қарай кіргізбейді.


Солтүстік Қазақстан облысы прокуратурасының алдын ала мәліметі бойынша, шабуыл жасаған кәмелетке толмаған жасөспірім психиатриялық бақылауға алынған.
Еске салайық, бүгін Петропавлда 9-сынып оқушысы мектепке балта мен пышақ әкеліп, үш баланы жарақаттағаны хабарланған болатын.
Оқиға таңертең №4 мектепте болған. Қала әкімдігінің мәліметінше, екі бала балалар ауруханасында жатыр. Үшінші балаға оқиға орнында медициналық көмек көрсетілген.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!