Петропавлда өрт салдарынан 5 адам қайтыс болды

Жансая Қадыржанова
Жансая Қадыржанова Корреспондент
viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button

Петропавлда Береке шағынауданында болған өрттен 5 адамның денесі табылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ТЖМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

whatsapp button telegram button facebook button
Иконка комментария блок соц сети

Петропавлда Береке шағынауданында болған өрттен 5 адамның денесі табылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ТЖМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

13 наурызда сағат 01:07-де СҚО төтенше жағдайлар департаментінің "Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі" ММ 101 телефонына Мәскеу өткеліндегі 4 пәтерлі тұрғын үйден өрт шыққаны туралы хабарлама келіп түскен. Оқиға орнына барған өрт сөндіруішілер №3 пәтер жанып жатқанын анықтаған. Үйдің шатыры өртке оранып, қою түтін басқан. Өрт шыққаны туралы хабарлама құзырлы органдарға кеш берілген.

ТЖМ баспасөз қызметі ұсынған суреттер

Өрт сөндірушілер дереу өрт сөндіруге кіріскен.

"Өрт сөндіру барысында 1975, 1979, 1960 жылдары туған үш ер адамның және 1960, 1967 жылдары туған екі әйел адамның денесі табылды. Қайтыс болған адамдардың денелері сот-медициналық сараптамаға жіберілді. Үй орталық жылыту жүйесіне қосылған. Өрт сағат 01.53-те ауыздықталып, сағат 02.24-те сөндірілді", - делінген хабарламада.

Өрт сөндіру кезінде Петропавл қаласы 4 өрт сөндіру бөлімінің 30 өрт сөндірушісі мен 6 техникасы жұмылдырылған. Өрт аумағы 60 шаршы метр болған.

Өрттің шығуына ішімдік ішіп, төсекте темекі тарту себеп болуы мүмкін деген болжам бар. Келтірілген шығын мөлшері анықталып жатыр. 2022 жылы 1 ақпанда №5 өрт сөндіру бөлімінің қызметкерлері үйлерді аралау жұмыстары барысында өрттен қайтыс болған 1960 жылы туған ер адамға өрт қауіпсіздік ережелері жазылған жаднама бергені белгілі болды. Қаза тапқандар халықтың әлеуметтік осал топтары санатына жатпаған, ішімдік ішетін адамдар ретінде есепте де тұрмаған.

Куәгерлердің айтуынша, өрт шығар алдында қайтыс болғандар спирттік ішімдік ішкен.

Биыл СҚО аумағында 115 өрт болған. 12 адам қаза тауып, 4 адам зардап шеккен. Ал келтірілген материалдық шығын шамамен 72 миллион теңге болған. 

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 514.98  course up  584.15  course up  6.22  course down

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer
yadro