Петропавлда көпқабатты пәтердегі өрт салдарынан үш жасар бала көз жұмды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Петропавлда көпқабатты пәтердегі өрт салдарынан үш жасар бала көз жұмды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Облыстық төтенше жағдайлар департаменті мәліметінше, бүгін, 24 қазанда сағат 10:00-де 10 қабатты тұрғын үйдің 9-қабатында өрт шыққан.
"101" нөміріне қоңырау түскеннен кейін екі минуттан соң өрт орнына Солтүстік Қазақстан облысы ТЖД өрт сөндіру қызметінің бригадасы жетті.
"Келген кезде пәтерде жиһаз бен үй заттары өртеніп жатты. Сөндіру барысында 10 адам эвакуацияланды. Сағат 10:14-те өрт сөндіру қызметі жалынды сөндірді - жеке құрамның 12 адамы және 4 техника.
Өрт салдарынан уланып қалған 2020 жылы туған бала болды, ол жедел медициналық жәрдем қызметкерлеріне тапсырылды. Дәрігерлер баланың қайтыс болғанын анықтады", - деп хабарлайды СҚО ТЖД баспасөз қызметі.
Өрт себебі мен шығыны анықталып жатыр. Өрт аумағы 25 шаршы метр болады.
Суретті СҚО ТЖД қоғаммен байланыс тобы ұсынды
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!