Петропавлдың "Самовар" мейрамханасындағы өрт сөндірілді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Солтүстік Қазақстан облыстық ТЖД-нің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 1 қыркүйекте сағат 20:00-де басталған өрт түн ортасында ауыздықталған.

"Тілсіз жауды ауыздықтауға СҚО ТЖД "Өрт сөндiру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметi" мемлекеттiк мекемесiнің қызметкерлері, "Оңтүстік-Орал темір жолы" федералдық мемлекеттік біртұтас кәсіпорны Петропавл бөлімшесінің өрт сөндіру командасы (барлығы 16 бірлік техника және жеке құрамнан 78 адам) жұмылдырылды. Сондай-ақ "Қызылжар су" АҚ төрт бірлік техникасы да тілсіз жауды сөндіруге тартылды", - деп хабарлады СҚО ТЖД-нің баспасөз қызметі.
Тілсіз жау 390 шаршы метр жерді шарпыған. Сағат 21.47-де өрт ошақтары оқшауланып, ал сағат 23.52-де өрт толығымен сөндірілген. Зардап шеккендер мен құрбан болғандар жоқ. Өрттің тұтануы мен келтірілген шығын анықталу үстінде.
Еске сала кетейік, 1 қыркүйек күні кешкісін Петропавл қаласының орталығында өрт болған еді. Құтқарушылар келгенге дейін мұндағы барлық адамдар қауіпсіз жерге шығарылған. Оқиға орнына келген жедел әрекет ету қызметі өрт шыққан аумақты қоршауға алған.