Петропавлда студент колледж аумағында өз-өзіне қол жұмсады

Жансая Қадыржанова
Жансая Қадыржанова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Петропавлда студент колледж аумағында өз-өзіне қол жұмсады Петропавл жоғары құрылыс-экономикалық колледжі. Сурет: 2gis

4 мамырда Петропавл жоғары құрылыс-экономикалық колледжі аумағынан 19 жастағы студенттің денесі табылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

4 мамырда Петропавл жоғары құрылыс-экономикалық колледжі аумағынан 19 жастағы студенттің денесі табылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Бұл туралы Солтүстік Қазақстан облысы Полиция департаментінің баспасөз қызметі өкілі айтты.

"Оқиға орнына полицейлер барды. Өз-өзіне қол жұмсау дерегі Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 105-бабы бойынша соталды тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне тіркелді. Сараптама тағайындалды", - деді Солтүстік Қазақстан облысы Полиция департаментінің баспасөз қызметі өкілі.

Қайтыс болған жігіттің группаластары оның қандай адам болғанын айтты.

"Көп нәрсе айта алмаймын, өйткені ол сабаққа қатыспайтын еді. Бірақ өте көңілді адам болатын. Әрқашан бәрімен сөйлесуге тырысатын еді. Тіпті жатақханаға көшіп келді, онда да көңілді жүретін. Алғашында оны дөрекі деп ойладық, ол өзін солай ұстады, бірақ кейін бәріміз достасып кеттік. Жақсы жігіт еді", - деді ол.

Оқу орны әкімшілігінің қызметкерлері пікір білдіруден бас тартты. Облыстық білім басқармасы өкілдері де ештеңе айтпады. Олар полицейлер тергеу мүддесіне сай ешқандай пікір білдірмеулерін айтқанын жеткізді.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети