Петропавлда жаңажылдық бұйымдар сақталған қойма өртенді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Петропавлда жаңажылдық бұйымдар сақталған қойма өртенді © 24.kz

Петропавлда халықтық тұтыну тауарлары мен жаңажылдық бұйымдар сақталған қойма өртенді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Петропавлда халықтық тұтыну тауарлары мен жаңажылдық бұйымдар сақталған қойма өртенді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Екі қабатты металл қоймада өрттің шыққаны туралы хабарлама сағат 13.26-да келіп түскен. Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары тобының қызметкерлері төтенше жағдай болып жатқан жерге үш минуттан соң жетті.

Солтүстік Қазақстан облысы ТЖ департаментінің мемлекеттік тіл және ақпарат тобының маманы Евгений Журавлевтің айтуынша, қызметкерлер жылдам жетуінің арқасында өрттің жақын ғимараттарға таралуының алдын алған. Ол өрт болған ауданда ағаштан жасалған үйлердің көп екенін айтты.

"Сағат 15.04-те өрт ауыздықталды. Өрт болған жерде қазір тексеріс жүргізіліп жатыр", - деді ол. Журавлевтің айтуынша, өрттен қаза тапқандар мен зардап шеккендер жоқ. Дегенмен қоймадағы тауарлар өртеніп кеткен. Нақты қанша шығын келгенін қазір мамандар анықтап жатыр.

Маманның айтуынша, қоймада халықтық тұтыну тауарлары мен жаңажылдық әшекейлер болған. "Мен онда шыршаны безендіретін бұйымдар көрдім. Дегенмен қоймада пиротехника болмады", - деді облыстық ТЖД өкілі.

Өрт аумағы үлкен болғаны соншалық, қоңыраудың екінші номері шалынған. Өртті сөндіруге 10 бірлік өрт техникасы және жеке құрамнан 40-тан аса адам жұмылдырылды.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети