Петропавлдағы әйел мен екі баланың өлімі: марқұмның күйеуі күдікке ілінді

Дина Шарипханова
Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Петропавлдағы әйел мен екі баланың өлімі: марқұмның күйеуі күдікке ілінді Фото © pkzsk.info

Петропавлда өртеніп жатқан үйден өзі шығып, әйелі мен екі баласы қалып кеткен ер адам күдікке ілінді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Петропавловск.news сайтына сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Петропавлда өртеніп жатқан үйден өзі шығып, әйелі мен екі баласы қалып кеткен ер адам күдікке ілінді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Петропавловск.news сайтына сілтеме жасап.

Басылым мәліметінше, ер адам өрт кезінде терезені шағып, өзі шығып кеткен. Ер адамның сөзінше, ол 20 жастағы әйелі мен екі баласын алып шықпақ болған. Алайда артынша әйелі мен екі баласы сол үйде өлі табылған.

"Сол күні қылмыстық іс қозғалып, полиция департаментінің тергеушілеріне берілген. Ол кезде өрттің алдын ала себебі - электр сымдарының қысқа тұйықталуы", - дейді СҚО ТЖД қоғаммен байланыс тобының басшысы Евгений Журавлев.

Полицейлер әйел адам мен екі баланың өлімінің артында қылмыс әрекеті жатқан болуы мүмкін екенін айтып отыр. Іс "Өрт қауіпсіздігі талаптарын бұзу" бабынан "Екі немесе одан да көп адамды өлтіру" бабына ауыстырылған. Полицияда өзге деректерді әзірге жарияламады.

Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды. Қосымша сараптамалар тағайындалды.

Айта кетейік, қайғылы оқиға 25 қыркүйекте болған. Өртсөндірушілер жеке үйден шыққан өртті сөндіру барысында үш адам өлі табылғанын айтқан. Олар 2003 жылы туған әйел, 2022 және 2018 жылы туған балалар.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети