Петропавлдағы мектепте 9-сынып оқушысы үш баланы балтамен жаралады

Дина Шарипханова
Дина Шарипханова Корреспондент
viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
Фото:pkzsk.info Фото:pkzsk.info

Петропавлда №4 мектепте төтенше жағдай болды. 9-сынып оқушыларының бірі мектепке балта мен пышақ әкеліп, сабақ басталар алдында жоғары сынып оқушыларына шабуыл жасаған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Петропавловск.news сайтына сілтеме жасап.

whatsapp button telegram button facebook button
Иконка комментария блок соц сети

Петропавлда №4 мектепте төтенше жағдай болды. 9-сынып оқушыларының бірі мектепке балта мен пышақ әкеліп, сабақ басталар алдында жоғары сынып оқушыларына шабуыл жасаған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Петропавловск.news сайтына сілтеме жасап.

Шабуыл туралы ақпарат пабликтерде пайда бола бастады. Онда 9-сынып оқушысының мектепке балта мен пышақ әкеліп, әжетханада бетперде киіп, дәлізге шығып, үш оқушыны жарақаттағаны айтылған.

Екі бала басы мен білегінен пышақ жарақатын алып балалар ауруханасында жатыр, үшінші балаға сол жерде медициналық көмек көрсетілген. Зардап шеккен балалар 10 және 9-сыныпта оқиды.

Солтүстік Қазақстан облысының прокуратурасы мен облыстық Полиция департаменті оқиғаны растап, зардап шеккендердің барлығы облыстық балалар ауруханасына жеткізілгенін және олар есін білетінін айтты.

"Полиция қызметкерлері кәмелетке толмаған Д.-ны ұстады, бұл факт бойынша Қылмыстық кодекстің 24-бабы 3-бөлігі, 99-бабы 2-бөлігі 1, 14-тармағы "Адам өлтіруге оқталу" бойынша соталды тергеу басталды. Алдын ала мәлімет бойынша, кәмелетке толмаған Д. психиатриялық бақылауға алынған. Кәмелетке толмаған бала мен мектеп әкімшілігінің әрекетіне соталды тергеп-тексеру аясында құқықтық баға беріледі. Қалған мән-жай анықталып жатыр", - делінген хабарламада.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 502.8  course up  547.58  course up  5.95  course down

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer
yadro