Полицей мен жүргізушінің Астана күнінде дауласқан сәті видеоға түсірілді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Полицей мен жүргізушінің Астана күнінде дауласқан сәті видеоға түсірілді ©Youtube кадры

Полицей мен жүргізушінің Астана күнінде дауласқан сәті видеоға түсірілді, - деп хабарлайды Tengrinews.TV тілшісі. Елордалық азамат Теймур Әлбеков видеоны Желіге салды. 

ПОДЕЛИТЬСЯ

Полицей мен жүргізушінің Астана күнінде дауласқан сәті видеоға түсірілді, - деп хабарлайды Tengrinews.TV тілшісі. Елордалық азамат Теймур Әлбеков видеоны Желіге салды. 

Ролик авторының айтуынша, оқиға Астана күні мерекесінде Жансүгіров пен Құдайберді көшелерінің қиылысында болды. Оның көлігінтәртіп сақшылар, оның айтуынша, мемлекеттік номер белгісі дұрыс орналастырмағандықтан тоқтатыпты. Жүргізушіге бұл туралы айтқан полицей автомобильден мемлекеттік номерді шешіп алуға бекінеді. Құқық қорғау органдарының қызметкерінің бұл шешіміне келіспеген Теймір Әлбеков болып жатқан оқиғаны ұялы телефон камерасына түсіре бастайды. Видеоға қарағанда, бұл сәтте полицей ашуға мінеді. Ол жүргізушінің қолынан телефонды тартып алып, жүргізушіні патруль көлігіне отырғызып, ішкі істер бөліміне жеткізгісі келеді.  

Ролик авторының айтуынша, бұл дау бейбіт түрде аяқталды: екінші полицей номерді дұрыстап бекітуі үшін жүргізушіге бұрайтын құралды берген. Алайда болған оқиғаға наразы жігіт оқиғаны зерттеуге алуды және дау туғызға полицейді жазаға тартуды сұрап отыр. Көлікте ер адамның әйелі мен баласы болған. Астана қалалық ІІД өкілдері ұсынылған видеожазбаны зерттеп жатыр.

 
Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети