Полицей қаза тапқан жол апаты бойынша іс қозғалды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Полицей қаза тапқан жол апаты бойынша іс қозғалды Оқиға орны. ©СТВ телеарнасы

Алматыда полицейдің өліміне соқтырған жол-көлік оқиғасы бойынша қылмыстық іс қозғалды деп хабарлайды Tengrinews.kz. Қылмыстық іс "Көлік басқаратын тұлғаның жол қозғалысы мен көлікті пайдалану ережесін бұзуы" бабы бойынша қозғалған. Жетісу аудандық прокуратурасы мамандарының түсіндіруінше, абайсызда кісі өліміне соқтырған әрекет үшін бас бостандығынан бес жылға айыру және көлік басқару құқығынан үш жылға айыру жазасы беріледі. Қазіргі уақытта оқиғаға қатысты сот-медициналық сараптамасы жүргізіліп жатыр. Бұл оқиға 1 ақпан күні Сүйінбай және Райымбек даңғылдарының қиылысында болды. Daewoo Nexia, Honda Odyssey, Toyota Exiv автокөліктері бір мезгілде соқтығысқан. Toyota жүргізушісінің айтуынша, көлік апаты Daewoo Nexia-ның кесірінен болған. Полиция майоры отырған көлік Сүйінбай даңғылымен келе жатып, қарама-қарсы бағытқа шығып кеткен, сөйтіп, Honda Odyssey-мен түйіседі. Оқиға салдарынан 1976 жылы туған полицей қайтыс болды, ал оның жанында болған әріптесінің аяғы сынды. Қайтыс болған полицей - Түрксіб аудандық ішкі істер басқармасының учаскелік инспекторы.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 500.6  course up  583.17  course up  6.51  course up

Ауа райы

location-current
Алматы

Редакция Жарнама
Социальные сети